Қазақстандықтардың 38,7 пайызы өз өміріне көңілі толмайды – зерттеу

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандықтардың 38,7 пайызы өз өміріне көңілі толмайды – зерттеу
ашық дереккөз

Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 48,7%-ы өз денсаулығына шағым айтпаған. Азаматтардың жасы ұлғайған сайын олардың арасында өз денсаулығына қанағаттанатындардың үлесі де азая түскен. Мәселен, зейнет жасындағылар арасында денсаулығына көңілі толатындар 15-17 жастағыларға қарағанда 2,7 есе аз. Сондай-ақ сауалнама кезінде ұсынылған негізгі мемлекеттік қызметтерді көрсетушілер тізімінен респонденттер ең әуелі Жедел медициналық жәрдем орталығының қызметін жоғары бағалаған (50,9%). Өзінің қаржылық жағдайына қанағаттанатындардың үлесі 40,2%-ды құрады. Ауқаттылық деңгейі бойынша респонденттердің 65,6%-ы өзін орташа класқа, 0,8%-ы жоғары класқа, 0,4%-ы төменгі класқа жатқызған. Зерттеу барысында респонденттердің 20,5%-ы өз қаржысымен тұрғын үй сатып ала алатынын, 42,9%-ы тұрғын үй бағасының белгілі бір бөлігін жаба алатынын, ал 26,5%-ы мемлекеттің баспана беруде көрсететін қолдауына қанағаттанатынын жеткізді. Респонденттердің жартысынан астамы (60,5%) туыстары мен таныстарынан жеткілікті моральдық қолдау табатынын мәлімдеген, бұл орайда ерлер мен әйелдердің жауабы ұқсас шыққан (60,9% және 60,1%).