Картоннан жасалған нөмірмен жүрген жүргізуші ұсталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Картоннан жасалған нөмірмен жүрген жүргізуші ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107447510465429.webp)
Полицейлер күн сайын жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдаланатын заң бұзушыларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.
«Аталған заң бұзушылық ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлімінде қарастырылған. Бұл 20 АЕК мөлшерінде айыппұл санкцияларына немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады», – деді Павлодар облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.
Биыл Павлодар облысында полицейлер жалған нөмірлерді қолданғаны үшін 60-қа жуық құқық бұзушыны жазалады. Мысалы, облыс орталығында тәртіп сақшылары мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі күдік тудырған Nissan автокөлігін анықтап, деректер базасын тексеру кезінде мұндай нөмірлік белгісі бар автокөліктің шын мәнінде жоқ екенін анықтады. Облыс тұрғынының қарапайым картоннан жасалған жалған мемлекеттік тіркеу белгісін орнатқаны белгілі болды. Аталған факт бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 3-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды, оған15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.