Қазақстандықтар биыл қолма-қол ақшасыз 2,6 млрд операция жүргізді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандықтар биыл қолма-қол ақшасыз 2,6 млрд операция жүргізді
ашық дереккөз

Жыл басынан бастап қолма-қол ақшасыз операциялар санының жоспарлы өсуі байқалды. Атап айтқанда, маусымда 508 млн операция жасалды, бұл қаңтармен салыстырғанда 1,5 есе көп. Сонымен қатар 2021 жылдың алты айында халықтың қолма-қол ақшасыз төлемдері мен аударымдарының көлемі 29 трлн теңгеден асты. Бұл 2020 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 2,3 есе асады. Биыл да интернет пен мобильді банкинг үлкен сұраныста болды. Олардың үлесіне барлық қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының 2/3 және олардың көлемінің 83%-ы тиесілі.