Астаналықтар коронавирусты қайда жұқтырады?

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астаналықтар коронавирусты қайда жұқтырады?
ашық дереккөз

«Соңғы 19 күнде тәулігіне 1 жарым мыңнан аса жаңа науқас тіркелуде. Тұрғындар вирусты көбіне базарда, сауда үйлерінде, қоғамдық көлікте, той-томалақта, тамақтану орындарында және саябақтарда жұқтырады», – деді бас санитар дәрігер әкімдікте өткен онлайн-брифинг барысында.

Оның айтуынша, аталған аймақтарда ауруды жұқтыру көрсеткіші күрт өскен.

«Базарда жұқтыру фактілері 7%-дан 15%-ға, сауда нысандарында жұқтыру фактілері 19%-дан 24%-ға, той-томалақтар мен бұқаралық жиындарда жұқтыру фактілері 0,8%-дан 7%-ға артқан», – деп атап өтті ол.