Азаматтардың қауіпсіздік деңгейі бойынша рейтингте Қазақстан 81-орында тұр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Азаматтардың қауіпсіздік деңгейі бойынша рейтингте Қазақстан 81-орында тұр
ашық дереккөз

Рейтингте соғыстар мен қақтығыстардың, терроризм мен қылмыстың азаматтардың қауіпсіздігіне қаншалықты әсер ететіні бағаланған. Швейцария, Норвегия және Люксембург көш бастап тұр. Соңғы орынды Оңтүстік Судан алды. Рейтингте ТМД елдерінің арасында Өзбекстан, Армения, Түркіменстан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова Қазақстаннан алда тұр. Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей және Украина біздің елден кейінгі орындарға жайғасқан.