Нұрислам Санаев Олимпиаданың жартылай финалына шықты
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұрислам Санаев Олимпиаданың жартылай финалына шықты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107445544312357.webp)
ашық дереккөз
Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық Нұрислам Санаев ширек финалда қарсыласын ұтты. Ширек финалда ол әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен белдесті. Белдесу 4:4 есебімен аяқталып, Нұрислам Санаев келесі айналымға жолдама алды. Жартылай финалдық бәсекелер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де басталады.
Ұқсас жаңалықтар