Қазақстан халқының саны он тоғыз миллионға жетті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан халқының саны он тоғыз миллионға жетті
ашық дереккөз

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния — отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!" - деп жазды Мемлекет басшысы.