Iphone сатып алмақ болған азамат 36 млн теңгесінен айырылды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Iphone сатып алмақ болған азамат 36 млн теңгесінен айырылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/1721074491813984.webp)
ашық дереккөз
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұрғыны Қаратау ауданының полиция басқармасына хатшылық арқылы арызданған. Ол өз арызында Қызылорда қаласының тұрғыны Iphone ұялы телефондарын алып келемін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 36 млн теңгесін иемденіп кеткенін көрсеткен. Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған жайт бойынша жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғынын анықтап, тиісті басқармаға жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар