Үкіметте елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Үкіметте елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17210744759490796.webp)
Халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, өңірлердегі жағдай туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады. Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Аурухана төсектері 56%, реанимациялық төсек орындар 44% толы. Түркістан облысынан басқа өңірлердің барлығы «қызыл аймақта» тұр. Бүгінгі таңда шамамен 9,4 млн доза вакцина қолданылды, оның ішінде вакцинаның бірінші компонентін 5,5 млн адам, екінші компонентін 4 млн адам алды. Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне және Денсаулық сақтау министрлігіне барлық аурухананың, бастапқы пункттердің, мобильді бригадалардың, ПТР-зертханалардың үздіксіз жұмыс істеуін, дәрі-дәрмектер мен қорғаныш құралдарының болуын қамтамасыз етуді тапсырды. ІІМ мен Денсаулық сақтау министрлігіне санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуын анықтау және бақылау тұрғысынан мониторингтік топтардың жұмысын күшейту тапсырылды. Үкімет басшысы шектеу шаралары мен кәсіпкерлік белсенділіктің өсуін сақтау арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттігін атап өтті.
«Бүгінде “Ashyq” жобасы бизнеске карантиндік шаралар жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік береді», — деді Асқар Мамин.
Биылғы 27 шілдеден бастап 2 тамызға дейін «Ashyq» жобасына қатысушылар саны 3 есеге – 21 900-ден 67 782-ге дейін артты.