Нұр-Сұлтанда төрт жасар бала 8-қабаттың терезесінен құлап кетті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда төрт жасар бала 8-қабаттың терезесінен құлап кетті
ашық дереккөз

"2 тамыз күні сағат 20.37-де полицияға Иманбаева көшесіндегі тұрғын үйдің сегізінші қабаттағы терезесінен төрт жасар бала құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Бала ата-анасымен бірге пәтерде болған. Ол ойнап жүріп, терездегі торға ауып, құлап кеткен. Әкесі оқиғаны көріп тұрып, ештеңе істей алмаған. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты", - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жыл басынан бері бас қалада 25 бала терезеден құлап, олардың үшеуі мерт болған. Полиция қызметкерлері ата-анадан балаларын қараусыз қалдырмауды және терезе алдында ойнауға жол бермеуді сұрайды.