Қазақстанға коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы 8 миллион дозасы келеді
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстанға коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы 8 миллион дозасы келеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107448137765269.webp)
ашық дереккөз
«Халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жұмысы жалғасып жатыр. Қазір 9,4 млн доза вакцина егілген. Оның бірінші компонентін 5 480 094 адам салғызды, бұл вакцина алуы тиіс халықтың 55,4 пайызын құрайды. Екінші компонентін 3 941 941 адам немесе тиісті халықтың 39,8 пайызы алды», - деді министр бүгін Үкімет отырысында.
Министрлік қалған 4 млн халықты қамту үшін тағы 8 млн доза вакцина жеткізуге келісім орнатты. Осылайша Цой халықтың вакцинамен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілгенін айтты. Еске салайық, дүниежүзілік эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстан 26 маусымнан бері «қызыл» аймақта тұр.
Ұқсас жаңалықтар