Антивакцинистерге арналған танысу бұрышы: Apple өз дүкенінен Unjected қосымшасын алып тастады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Антивакцинистерге арналған танысу бұрышы: Apple өз дүкенінен Unjected қосымшасын алып тастады
ашық дереккөз

Apple өкілдерінің айтуынша, Unjected деп аталатын аталмыш әлеуметтік желі Apple компаниясының COVID-19 жөніндегі саясатына қайшы келеді. Мәселен, әлгі танысу желісінің қолданушылары вакцинаны «биологиялық қару» және «нанотехнологиялық микрочип» деп атаған. Apple-дың бұл әрекетін Unjected өкілдері цензура деп қабылдап, компанияны «сөз бостандығын шектеді» деген айыппен сотқа берді. Unjected әлеуметтік желісі өзін медициналық автономия мен сөз бостандығын қолдайтындар қоғамдастығы деп қарастырады. Бұл қосымша қолданушыларды коронавирусқа қарсы екпе алуға шақыратын Tinder және Badoo сияқты дейтинг-қосымшаларға қарсы әзірленген болатын. Бүгінде оны интернет қолданушылары 18 мың рет жүктеп үлгерген.