Moderna мен Pfizer компанияларының вакцинасы қымбаттады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Moderna мен Pfizer компанияларының вакцинасы қымбаттады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107445336941774.webp)
Атап айтсақ, Pfizer екпесі 25 пайызға қымбаттады. Енді бір дозаның бағасы еуропалық нарықта 19,50 еуро тұрады (бұрын 15,5 еуро болатын). Moderna вакцинасының бағасы 10 пайызға өсті. Еуропалық одаққа жеткізу бойынша жасалған соңғы келісімшартта оның бағасы 25,50 долларды құраған. Ал алғаш сатып алу келісімшартын жасағанда, бір доза 22,60 доллар болған. Pfizer және Moderna вакциналарына жасалған үшінші сынақ барысында олардың AstraZeneca және Johnson & Johnson компанияларының вакциналарымен салыстырғанда, тиімділігі жоғары екені анықталған. Еуропалық комиссия мен ЕО елдерінің үкіметтері аталмыш компаниялар талап етіп отырған бағамен келісті. Қазақстандықтар Pfizer вакцинасын биылғы жылдың төртінші тоқсанында, шамамен қазан айында алады деп жоспарлануда. Дәл осы препаратты 12 жастан асқан балаларға салуға болады.