Елімізде жыл басынан бері 56 мың тұрғын үй пайдалануға берілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде жыл басынан бері 56 мың тұрғын үй пайдалануға берілді
ашық дереккөз

Биыл тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі барлық өңірде ұлғайды. Атырау (188,1%), Қостанай (120,9%), Жамбыл (114,9%), Шығыс Қазақстан (110,5%) және Қарағанды (110%) облыстары көш басында. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында биыл 17 млн м2 жаңа тұрғын үй немесе 163 мың баспана салу жоспарланып отыр. Оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен - 1,4 млн м2 тұрғын үй немесе 48,3 мың пәтер салынады. "Нұрлы жер" бағдарламасының мақсаты – баспананың қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту. Ол үшін келесі тетіктер қолданылады: * ипотекалық тұрғын үй қарыздарын субсидиялау, * құрылыс салушылардың қарыздарын субсидиялау, * құрылыс учаскелеріне инженерлік-техникалық инфрақұрылым тарту, оның ішінде – жеке құрылысқа арналған аудандар да қамтылады.