00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жеңіл өнеркәсіпке 3% пайыздық несие беріледі

19 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жеңіл өнеркәсіпке 3% пайыздық несие беріледі

ҚР Жеңіл өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялар өткен жылы қаңтар-қарашада 25 653,4 млн теңгені құрады, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Жеңіл өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялар өткен жылы қаңтар-қарашада 25 653,4 млн теңгені құрады. Негізгі капиталға инвестициялардың ұлғаюы барлық шағын кәсіпорындарда  байқалады. Тоқыма бұйымдарын өндіруде 3,6 есе, киім 5,9 есеге, былғары және оған қатысты өнімдер 16,6 есеге өскен.

Өткен жыл соңында Түркістан облысында инвестиция көлемі 3 млрд теңге болатын мақта өңдеу зауыты, Батыс Қазақстан облысында инвестиция көлемі 1 млрд 300 млн теңге болатын бигбег өндірісі жұмысын бастады. Астана қаласындағы инвестиция көлемі 800 млн теңгені құраған тігін фабрикасы, Түркістан облысында инвестиция көлемі 300 млн теңге болатын тігін фабрикасы іске қосылды.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.

Несиелік сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау құралы шеңберінде кәсіпкерге жылдық 8% - бен кредиттер беріледі. 

«Кредит бойынша кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда ішінара кепілдік беріледі. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде негізгі қарыз алушыға 8% дейінгі мөлшерлеме бойынша жеңілдетілген кредит беру ұсынылады. Жаңа қаржы құралдарының бірі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы жеңіл өнеркәсіп жобаларын 3% пайыздық мөлшерлемемен қаржыландыру болып табылады», - делінген министрліктің хабарламасында.