00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді

19 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бұл жаһандық экономикалық тәуекелдердің сақталуына байланысты. АҚШ доллары дамыған және дамушы нарықтардың валюталарына қатысты нығаюын жалғастыруда. Мұнай нарығында да пессимистік көңіл-күй байқалып отыр. Мұнай бағасы барреліне 71-72 АҚШ доллары деңгейіне дейін төмендеді.

Валюта нарығындағы теңгерімділікті арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерінің 50%-ын міндетті түрде сату талабы қайта енгізіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы мен Ұлттық банктің бұйрығы әзірленіп, жақын күндері қабылданады», - дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ә.Молдабекова.

Айта кетейік, Астанадағы айырбастау пунктерінде доллар 497 теңгеден (Алматыда 499,8 теңгеден) сатылып жатыр, сатып алу құны – 502 теңге.

Соңғы уақытта ішкі және сыртқы факторлардың жиынтығы теңгенің әлсіреуіне алып келді.