00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Соңғы 5 жылда елімізде бензин шығару көлемі 70%-ға артты

Соңғы 5 жылда елімізде бензин шығару көлемі 70%-ға артты

Бұл туралы Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info. 

Оның айтуынша, үш мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін, мұнай өңдеу көлемі 3 млн тоннаға өсті. Қазір жылына шамамен 17 млн тонна шикі мұнай өңделеді. 

Соңғы 5 жылда біз бензин шығару көлемін 70%-ға (3 млн тоннадан 5 млн тоннаға дейін), дизельдік отынды - 30%-ға өсірдік (4 млн-нан 5,2 млн тоннаға дейін), - деді Болат Ақшолақов.