Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 240 мыңнан астам студент қатысты

Бүгін, 10:13
Айман Нығмет Айман Нығмет
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 240 мыңнан астам студент қатысты
Фото: Үкімет

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары білім беру жүйесінде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының іске асырылуы туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Министрдің сөзінше, 2024 жылдан бастап «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы шеңберінде жоғары білім беру саласы бойынша 1 индикатор және 11 іс-шараны іске асыру жоспарланған.

«Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясын жариялағаннан бері жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларының қатысуымен 1500-ға жуық әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Бұл шараларға жоғары оқу орындарынан 240 мыңнан аса адам қатысты. Барлық жоғары оқу орындары студенттері арасында «Taza Like» іс-шарасы шеңберінде экосағаттар өткізілді», - деді Саясат Нұрбек.

2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы шеңберінде велосипед күні, жасыл энергетика жүйесін құру, қоқыссыз кампус, саябақтар құру т.б. сияқты бірнеше тармақ іске асырылуда. Осылайша, «Экологиялық білім беру» бағыты аясында халықтың экологиялық білімі мен мәдениетін арттыру жұмыстары жүргізілуде.