00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мәжіліс депутаты елдегі инфрақұрылымды дамыту мәселесін көтерді

Мәжіліс депутаты елдегі инфрақұрылымды дамыту мәселесін көтерді
коллаж Elorda.info

Мәжіліс депутаты елдегі инфрақұрылымды дамыту мәселесін көтерді

Елдегі инфрақұрылымның дамуы күн сайын қарқын алған урбанизацияға ілесе алмай жатыр. Аталмыш мәселені Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы кезінде өзінің депутаттық сауалында көтерді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанда аумақтарды үдемелі дамытудың өңірлік стратегияларына ерекше назар аударылады. Депутат өңірлердің экономикалық кеңістігін жаңғырту агломерациялық үрдістермен тығыз байланысты екенін атап өтті. Астана, Алматы және Шымкент - әрбір бесінші қазақстандық тұратын, елдің ЖІӨ-нің үштен бірі өндірілетін және елге тартылатын шетелдік инвестициялардың 60%-дан астамы қоныстанатын ең ірі қалалар болып табылады.

Агломерациялардың құрамына кіретін көптеген елді мекендер үшін негізгі проблемалық мәселелер халық санының өсуі, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің тапшылығы, инженерлік инфрақұрылымның, жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау желілерінің, интернеттің болмауы немесе дамымауы болып табылады. Бұл жағдайлар Астана қаласына іргелес елді мекендер инвестициялық тартымдылығының төмендігі себебінен, - деп атап өтті Олжас Құспеков.

Агломерациялардың құрамына кіретін ауылдық елді мекендерде азаматтардың заңды тіркелуіне қатысты проблемалар бар. Тұрғылықты жерінде тіркелмегендіктен осы елді мекендерге арналған салықтық түсімдер мен әлеуметтік төлемдер елордаға тиесілі болады. Іс жүзінде адамдар жақын маңайдағы ауылдарда тұрып, әлеуметтік қызметтерді де сол ауылдарда алады. Осыған байланысты азаматтарда медициналық көмек, өрт қауіпсіздігі, құқық қорғау мәселелері бойынша проблемалар туындайды.

Өткен жылы Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді, ол жоғарыда аталған мәселелерді шешуге тиіс. Бұл жоспарды бекіту және оны қысқа мерзімде іске асыруды бастау ұсынылады. Бұл өңірде өмір сүру сапасын дамытуға, қоршаған ортаны сақтауға, бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға мүмкіндік береді, - деді Олжас Құспеков.