00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда әлі қанша адам декларация тапсырмағаны белгілі болды

27 тамыз, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Қазақстанда әлі қанша адам декларация тапсырмағаны белгілі болды
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Биыл 2,4 млн жеке тұлға декларация тапсыруы тиіс, қазір олардың 60 пайызы ғана құжатты толтырған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Биылғы 1 қаңтардан бастап барлық заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкерлер, сондай – ақ олардың жұбайлары жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) тапсырады.

Декларация табыс етілген жылдың алдындағы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде активтер мен міндеттемелердің болуы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

Бұл ретте бейрезидент, коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшылары және акционерлер декларацияны ұсынудан босатылды.

«2024 жылы декларацияны 2,4 млн. жеке тұлға тапсыруға міндетті. Жыл басынан бастап 1,4 млн. жеке тұлға немесе декларанттардың жалпы санының 60% декларацияны тапсырды. Оның ішінде декларацияның 99,9%-ы электронды түрде, атап айтқанда салық төлеушінің кабинетті, «Электронды үкімет» порталы және «е-Salyq Azamat», «eGov mobile», екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы тапсырылды», - деп көрсетті Мемлекеттік кірістер комитеті.

Декларацияны табыстау алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы  және оның шегінен тыс жерлердегі активтер мен міндемелерінің бар жоқтығын көрсетуге арналған. Салықтық міндеттемені уақытылы орындамау  мәселесі туындамас үшін, декларацияны алдын ала табыстауды ұсынамыз.

Декларация тұрғылықты жері бойынша ұсынылады.