Қазақстанда күнбағыс майының өндірісі 24,9% артты

Фото: Оңалхан Өнерхан
2025 жылдың алғашқы 7 айында елімізде 365,4 мың тонна күнбағыс майы (тазартылмаған) өндірілді. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,9% көп, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жылдың бірінші жартыжылдығында күнбағыс майының экспорты жалпы алғанда 46,2% өскен.
Қазақстандық күнбағыс майын негізінен Ресей мен Қытай сатып алады, сонымен қатар ол Қырғызстан, Беларус, Украина, Германия және Францияға жеткізіледі.
Республика бойынша күнбағыс майының орташа бағасы литріне 832 теңге. Ең төмен орташа баға Түркістанда тіркелген – 745 тг/л, ал ең жоғарысы Жезқазғанда, онда бір литр өнімнің орташа бағасы 928 теңге.
Ұқсас жаңалықтар