00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ауыл шаруашылығы техникасына лизингіне 20 млрд теңге бөлінеді

19 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ауыл шаруашылығы техникасына лизингіне 20 млрд теңге бөлінеді
фото: Elordainfo

Қазақстанда отандық өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне «Жасыл Даму» АҚ қаражатынан 20 млрд теңге бөлінетін болады, деп хабарлады Elorda.info

Үкімет  сайтының жазуынша, тиісті қаулыға Әлихан Смайылов қол қойды.

Бөлінген қаражатқа фермерлер лизингке 500-ден астам техника сатып ала алады: шамамен 80 комбайн және 450 трактор. 

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылғы тамызда еліміздің машина-трактор паркін жаңарту мақсатында ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің жаңа бағдарламасы іске қосылды. 

Мәселен, өткен жылы 900-ге жуық аграрий қысқа мерзімде бастапқы жарнасыз жылдық 6% мөлшерлемемен лизингке 1 053 техника сатып алды: 176 комбайн мен 877 трактор. Бұл ретте жаңа техника 2022 жылғы егін жинау науқанына уақытылы қатысты,-делінген Үкіметтің мәліметінде.

Айта кету керек, лизингке техникалық регламенттерде белгіленген экологиялық талаптарға сай келетін және барлық қажетті сәйкестік сертификаты бар техника беріледі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша жалпы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің жыл сайынғы көлемі 170 млрд теңгеден асады.

Анықтама: Жаңа бағдарлама аясында техника лизингке 6% мөлшерлемемен және 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бір лизинг алушыны қаржыландыру сомасы 205 млн теңгеден аспайды. Бір фермер жеңілдікпен өздігінен жүретін 3 ауыл шаруашылығы техникасын сатып ала алады. Қаржыландыруды 2 жыл ішінде бір рет қана алуға болады.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын арттыруды тапсырған болатын.