00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қант өндірісі екі есе төмендеді

18 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қант өндірісі екі есе төмендеді
фото: Elordainfo

Биыл тамыз айында елімізде қант өндірісі екі есеге жуық төмендеді, деп хабарлады Elorda.info Бірінші кредиттік бюросы (ПКБ) сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, мұндай құлдырау ішінара маусымдық ерекшеліктерге байланысты болып тұрады. 

"Тамыз айында 9,3 мың тонна қант өндірілді. Шілдемен салыстырғанда бұл 46,7% - ға немесе 8,1 мың тоннаға аз", - делінген дүйсенбідегі хабарламада.

Керісінше қант импорты өсуде. Қаңтар-шілде айларында оның көлемі 322,6 мың тоннаны, яғни +18,7% -ды құрады. Яғни, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 50,8 мың тоннаға артық. Ресей қантты жеткізуді үш есеге арттырды, 180,5 мың тоннаға дейін, ал Бразилиядан келетін қант 7,2% - ға, 131 мың тоннаға дейін төмендеді, делінген ақпаратта.

Өндірістің құлдырауынан кейін қант бағасы өскен жоқ.