00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Шетелге көшіп кеткен қазақстандықтар зейнетақы қорынан 45 млрд теңге ақша алды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шетелге көшіп кеткен қазақстандықтар зейнетақы қорынан 45 млрд теңге ақша алды

Шетелге көшіп кеткен 18 мың қазақстандық зейнетақы қорынан 45 млрд теңгеден астам ақша алды, деп хабарлады Elorda.info.

LS  жазуынша, бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ)  2022 жылдың басынан бастап осы жылдың 19 желтоқсанына дейін Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен салымшылар жалпы сомасы 45,3 млрд теңгеге төлемдер алған.

Бұл ретте өткен жылдың ұқсас кезеңінде сома 20,8%-ға яғни 37,49 млрд теңгеге, ал алушылар саны – 15 905 адамға аз болды.

2022 жылы төлемдердің ең көп көлемін рубльмен – 28,66 млрд теңге (12 343 салымшы), сондай-ақ, теңгемен – 13,28 млрд теңге (5 102 салымшы) алды. Доллармен 2,25 млрд теңге сомаға 422 қазақстандық, еуромен – 920 млн теңге (304 салымшы), фунтпен – 190 млн теңге (23 салымшы) жинақ алынды.

Фунт төлемдер Ұлыбританияға, Румынияға, Ирландияға, Швейцарияға төленді. Доллармен-Польша, Түркия, Канада, АҚШ және т.б., еурода – Германия, Польша, Нидерланды және басқа елдерге, - деп нақтылады БЖЗҚ-да.

Сонымен қатар, зейнетақы қорының мәліметінше, осы жылдың 1 желтоқсанына зейнетақы жинақтары 14,4 трлн теңгеден асты. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 1,3 трлн теңгеге немесе 10,2%-ға артқан.