Қор нарығында доллар бағамы көтерілді
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлады Elorda.info.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,99 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 470,28 теңге.
Ал Ресей валютасы 6,73 теңге болды. Ұлттық банктің 21 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 469,18 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,80 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астананың ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 468,2 теңге, сатып алу – 471,5 теңге. Ал Алматы қаласы бойынша сату бағамы – 469,5 теңге, сатып алу – 472,5 теңге. Ресей рублі 6,5 – 6,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
22 қараша, 2024
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді