Мемлекеттік сатып алу жүйесі жаңартылады – Қаржы министрі
Мемлекеттік сатып алу жүйесі өзгереді. Қазір тұжырымдама әзірленіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, қолданыстағы жүйе мен заңнама тым күрделі әрі ыңғайсыз. Соның салдарынан сатып алу байқауына қатысу үрдісі ұзақ және баяу жүреді. Бұның соңы қаржы игеруді тежеп, сапасыз тірлікке әкеп соғып жатыр. Бұл жөнінде Үкімет басшысының орынбасары-Қаржы министрі айтты. Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, заңды оңтайландыру керек. Заңнамада халықтың да, бизнестің де, тексерушінің де мүддесі ескерілуге тиіс.
«Оңтайлы халықтың мұқтаждығын тез шешетін бір заң болса», – дейді. Бізде конкурстық процедуралар ұзақ жүреді. Одан кейін бірінен ұтылғаны барып шағымданады. Арғы жағында тексерушілер тұрады. Уақыт жоғалтамыз. Одан кейін игеру дұрыс болмайды. Қашан жасаймыз енді осыны? Осы заңның қазір тұжырымдамасы қалыптастырылып жатыр. 2023 жылдың ортасына дейін жазып шығамыз деген ойымыз бар, - деді Премьер-министрдің орынбасары– Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.