00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қытайдағы халықаралық импорттық көрмеде Қазақстан павильоны ашылды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қытайдағы халықаралық импорттық көрмеде Қазақстан павильоны ашылды

Шанхайда Қытайдың Бесінші халықаралық импорттық көрмесі (CITIE) басталды. Биыл көрмеге 145 ел қатысып, Fortune 500 тізіміндегі 280-нен астам компания ұсынылған, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан павильонында 25 қазақстандық кәсіпорынның сүт, кондитерлік, ұн тарту, майлы, алкогольсіз және басқа да өнімдерінің кең ассортименті ұсынылған: «DEP» ЖШС, «Султан Маркетинг» ЖШС, «Аралтұз» АҚ, «Казинтерпродукт» ЖШС, «Самади-2030» ЖШС, Rola-7 ЖШС, «Шатхабар ИП», «Топ Энерджи» ЖШС, «Снакхан» ЖШС, «Малу» ЖШС, «Даулет-Бекет» ЖШС, «Көкшетау минералды сулары» АҚ, «Нефис Групп» ЖШС, «Eurasia Invest» ЖШС, «SWEET IDEAS-KZ» ЖШС, «Delis» ЖШС, «Golden Camel Group» ЖШС, Асыл Spice center ЖШС, RG Brands ЖШС және т.б.

Көрмеге қатысушы Қытайдың мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының өкілдері Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін білдірді.