00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады

Премьер-министр Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Ереванға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Elorda.info.

Сондай-ақ шараға Арменияның Үкімет басшысы Никол Пашинян, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Қырғызстанның Үкімет басшысы Ақылбек Жапаров, Ресей Министрлер кабинетінің төрағасы Михаил Мишустин қатысып жатыр.

Қазіргі уақытта шағын форматтағы отырыс өтіп жатыр, оның барысында өнеркәсіптік кооперативтік жобаларды қаржыландыру, электрондық сауданы әкімшілендірудің бірыңғай талдамалық жүйесін әзірлеу, Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі шаралар, газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі қадамдар, сондай-ақ бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқылануда.

Бүгін кеңейтілген құрамдағы ЕҮАК отырысы өтеді, оның қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.