00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қор нарығында доллар бағасы төмендеді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қор нарығында доллар бағасы төмендеді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлады Elorda.info.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,54 теңгеге төмендеп, 1 доллар – 470,06 теңге болды.

Ұлттық банктің 5 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 472,68 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу – 476 теңге.

Ал Аматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 471 теңге, сатып алу – 473 теңге.

Ресей рублі 7,43 - 7,63 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 5 қазан күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 8,01 теңге болды.