00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Серік Жұманғарин: басты міндет – бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Серік Жұманғарин: басты міндет – бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Сэр Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлады Elorda.info

Вице-премьер министрлік қызметінің өзекті мәселелері туралы, атап айтқанда, Қазақстан нарықтарын азық-түлік тауарларымен толықтыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

Біздің басты міндетіміз – бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу. Бұл бағыттағы жұмыстарды министрлік орталық мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен, тауар өндірушілермен, бөлшек саудамен және нарықтың басқа да субъектілерімен бірлесіп жүргізіп жатыр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. "Айналым схемасы" бойынша қаржыландыру тетігі қайта форматталды, — деп түсіндірді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар маусымаралық кезеңде Орталық Азия елдерінен ерте импорттық жеміс-көкөніс өнімдерін форвардтық сатып алуды ұйымдастыру бойынша жұмыстар қолға алынды.

Тағы бір маңызды міндет – тауарлық балансты қалыптастыру процесін автоматтандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін ұлттық тауар өткізу жүйесін іске қосу жоспарланып отыр.

Сэр Сума Чакрабарти қабылданып жатқан шаралардың тиімді және уақытылы болып табылатынын, өз өндірісін дамыту ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.