Қор нарығында доллар бағасы қымбаттады
Бүгін, яғни жұма күні доллардың ресми бағамы біршама көтеріліп, 477.46 теңгеге тең болды.
Айта кетейік, америкалық валютаның 8 қыркүйекте ресми бағамы 473.1 теңге болған еді.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 473 теңгеден сатып алынып, 479 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 473 теңгеден сатып алынып, 478 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 477.46 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 477.27 (Еуро)
RUB / KZT – 7.87 (Ресей рублі)
GBP / KZT – 548.79 (Фунт стерлинг)
TRY / KZT – 26.18 (Түрік лирасы)
UAH / KZT – 12.93 (Украин гривниі)
CNY / KZT – 68.63 (Қытай юані)
KGS / KZT – 5.87 (Қырғыз сомы)
AED / KZT – 130 (БАЭ дирхамы)