00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Министр сәбіз, картоп, сүт бағаларын қалай реттейтінін айтты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Министр сәбіз, картоп, сүт бағаларын қалай реттейтінін айтты

Премьер-министрдің орынбасары-сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин сәбіз, картоп, сүт, қарақұмық, күнбағыс майы бағаларын қалай  реттейтінін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстарының сәбіз бен картоп өндірушілерін жинадық. Олар гербицид, пестицид, тыңайтқыштарға 4 млрд теңге ақша беріңіздер деді. Олар бізге сәбізбен картоптың бағасын тұрақтандырып береді. Күнбағыс майын өндірушілер бізге экспортты жауып беріңіздер дейді. Сонда шикізат елімізде қалады, ал қарақұмық өндірушілер шикі қарақұмық сатып алуға 1 млрд теңге сұрап отыр. Бағаны сол арқылы тұрақтандырамыз, - деді Серік Жұманғарин.

Министр сүт нарығында да осыған ұқсас схема жұмыс істейтінін айтты.

Олар бізден құрғақ сүттің шикізатын сатып алуға 1 млрд 130 млн теңге сұрады, яғни қазір біз бүкіл қаражатты бір жерге шоғырландырамыз. Осыған дейін әр өңірдің әкімдігі ол қаражатты өз қалауынша игеретін. Енді біз ақшаның шикізат сатып алуға жұмсалуын бақылаймыз. Бұл жоғарыда аталған тауарлардың бағасы көтерілмейді деген сөз. Меморандум бір жылға жасалады, - деді С.Жұманғарин.