«52 мыңға тәрелке алдым» Әкім журналистерге пикник ұйымдастыруға қаражатты қайдан алғаны белгілі болды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Әлеуметтік желілерде Талдықорған әкімінің видеосы тараған еді. Онда әкім мылтықпен оқ атып жатқаны көрінеді. Кейінірек бұл видео жергілікті БАҚ өкілдері мен блогерлердің демалысында түсірілгені белгілі болды.
Тұрғындар журналистермен кездесу қандай қаражатқа ұйымдастырылғанына қызығушылық білдірген.
Барлық қаражат жалақымның есебінен кетті. Жалақым оған жетеді. Бұл - өзінің қаруы бар ресми орын. Сол жерде кәуап, кола, нанмен шағын пикник ұйымдастырдық. Бәріне 385 мың кетті. 260 мыңы қаруға оқ-дәріге, 52 мыңы тәрелкеге және 70 мыңы тамаққа, - деді қала әкімі Tengrinews тілшісіне берген сұхбатында.
Наурызда Талдықорған әкімі ай сайын 866 мың теңге жалақы алатыны белгігі болған еді.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
22 қараша, 2024
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді