Қазақстан шетелден 25,5 млрд доллар инвестиция тартуды көздеп отыр
Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, Дүниежүзілік банктің қатысуымен Президенттің тапсырмасына сәйкес 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясаты тұжырымдамасының жобасы әзірленген.
Тұжырымдама жобасында көзделген негізгі нысаналы индикаторлар – негізгі капиталға инвестициялар деңгейін ЖІӨ-ге 25,1%-ға жеткізу және тікелей шетелдік инвестициялар ағынын 2026 жылдың өзінде $25,5 млрд дейін арттыру, - деді вице-министр.
Аталған тұжырымдама жобасы басты үш бағыт бойынша құрылымда оған жүйелі сипаттағы 45 нақты іс-шарадан тұратын іс-қимыл жоспарын қамтиды.
Бірінші – ашық және болжамды инвестициялық саясатты қалыптастыруға бағытталған инвестициялық экожүйені одан әрі дамыту. Екінші – жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу. Үшінші – экономиканың инвестициялық әлеуетін ашу, - деді Тимур Жақсылықов.