00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда демалыс орындарының ақысы қымбаттады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда демалыс орындарының ақысы қымбаттады

Мәселен, Алакөлде тынығу құны биыл 30 процентке өскен.

Мамандардың айтуынша, оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, валюта бағамының құбылуы, инфляция, және тауардың қымбаттауы. Десе де, жазғы демалыс қарсаңында Балқаш, Каспий, Бурабай, Алакөл бағыттарындағы турпакеттерге сұраныс басталған.

Айта кету керек, өткен жылы ел ішін аралаған отандық туристер саны 7 миллонға жетіп, рекорд жаңартты. Алайда шетелден келетіндер екі еседей азайған. Қонақтардың 80 проценті жеке жұмыс мақсатымен келген. Сондықтан тең жартысы қонақүй емес, таныс-тамырлары, ағайын-туысының үйіне түскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда шетелдік қонақ орташа 5 күнге келеді. Әкелген қаржысының 10 проценті ғана қонақүй, жатын орынға жұмсайды. Республика бойынша қонақүйлерде 4 мыңдай орын бар. Орташа бағасы 7 мың теңге шамасында.