00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ақша айырбастау орындарының қашаннан бастап жұмыс істейтіні белгілі болды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ақша айырбастау орындарының қашаннан бастап жұмыс істейтіні белгілі болды

Қаржы ұйымының дерегінше, Алматы қаласы мен басқа да өңірлердегі ахуал тұрақталып, байланыс тетіктері рет-ретімен қалпына келуіне байланысты 2022 жылғы 12 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасының валюта алаңында сауда-саттық, екінші деңгейлі банктердің және банктік емес айырбастау пункттерінің валюталық айырбастау операциялары, сондай-ақ халықаралық төлемдер мен аударымдар қайта жанданады.

Орын алған келеңсіз оқиғалар кезінде қаржылық тұрақтылыққа қолдау көрсету мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ұлттық Банк қажеттілікке қарай өзінің тікелей қатысуымен жағдай толық тұрақталғанша валюталық интервенциялар жүргізу және нарықтың ішкі, сыртқы қатысушылары тарапынан теңгеге деген сенімді қалпына келтіру арқылы валюта нарығының теңгерімділігін қамтамасыз етеді, - делінген хабарламада.