00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ауылдарды жаңғыртуға 1,3 трлн теңге бөлінеді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ауылдарды жаңғыртуға 1,3 трлн теңге бөлінеді

«Алдағы 4 жылға «Ауыл - ел бесігі» жобасын қаржыландыру көлемі 800 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Жалпы, ұлттық жобаларды ескерсек – ауылдарды жаңғыртуға 1,3 трлн теңге жоспарланып отыр», - деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, 2025 жылға дейін ауылдық жерлерді сумен жабдықтау қызметтері 100 пайыз қамтылады. Кент ішіндегі 10 мың шақырым жол жақсартылады. 12 мың шақырым инженерлік желі, 1,1 мың денсаулық сақтау нысаны, 1,7 мың спорт, 1,5 мың мәдениет нысаны салынып, жөнделеді. 5 мың ауыл мектебі жаңғыртылады.

«Еңбек өнімділігі 2,5 есе өседі, 500 мың жұмыс орны құрылады және 1 млн ауыл тұрғыны өз табысын арттыра алады. «Ауыл - Ел бесігі» жобасының іс-шаралары - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын айтарлықтай жақсартады және ауылдық аумақтардың дамуына жаңа серпін береді», - деді Премьер-Министр.