Жетісу өңірінде табиғатқа 4 бүркіт жіберілді

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігінен
Жетісу өңіріндегі «Сұңқар» жыртқыш құс бағында өсірілген төрт бүркіт табиғи тіршілік ету ортасына жіберілді. Бұл сирек кездесетін түрлерді сақтап, және табиғи тепе-теңдікті ұстап тұрудағы маңызды қадам, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бүркіт – Қазақстанның символы, бұл құс күш-қуатты, еркіндікті және биіктерге ұмтылуды бейнелейді. Оның табиғи ортасына оралуы біздің табиғат пен ұлттық құндылықтарға деген құрметімізді көрсетеді.
Аталмыш шара биологиялық әртүрлілікті сақтау және жабайы табиғаттағы жыртқыш құстардың санын қалпына келтіру жұмыстары аясында жүргізілді. Құстарды тәлімбақ мамандары табиғи жағдайда өмір сүруге бейімдеген болатын, енді олар аймақтың экожүйесінде өз орнын алмақ.
Ұқсас жаңалықтар

19 қыркүйек, 2025
Қазақстан Қытай компаниясымен су шаруашылығын цифрландыруға байланысты меморандумға қол қойды

18 қыркүйек, 2025
«Ворошиловское» су қоймасы мемлекетке қайтарылды

17 қыркүйек, 2025
Ақмола облысында жаңа гидротехникалық құрылыс салынып жатыр

15 қыркүйек, 2025
2026 жылы Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылады