Астанада қызылша жұқтырғандар сан азаяр емес
Астанада қызылша жұқтырғандар сан азаяр емес
Астанада қызылша ауруының тіркелуі әлі де жалғасуда. Қаңтар айының басынан бастап қызылшаның 1 890 бастапқы және 532 расталған жағдайы, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 381 жағдай тіркелді.
Елордада инфекцияның таралуын қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдар жалғастыруда, сырқаттанғандардың 68 пайызын осы кісілер құрайды, - деді С.Бейсенова.
Бас дәрігердің айтуынша, желтоқсан айымен салыстырғанда балалар арасында сырқаттанушылықтың бір жасқа дейін, бір жас және 2 жастағы балалар арасында төмендеуі байқалған. Мәселен, 1 жасқа дейінгі ауырған балалардың қарқынды көрсеткіші 692,7-ден 589,4-ке дейін немесе 15%-ға, бір жастағы балалар 880,2-ден 805,3-ке дейін немесе 8,5%-ға және 2 жастағы балалар тиісінше 701,6-дан 551,9-ға дейін немесе 21,3%-ға төмендеді. Көрсетілген жастағы сырқаттанудың төмендеуі бұл қосымша жаппай иммундаудың нәтижесі. Алайда, ересектер арасында сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, қарқынды көрсеткіш 25,2-ден 40,2-ге дейін немесе 37,3%-ға өсті.
Қызылшаға қарсы екпе алмағандар арасында сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысы шығарылды. Соған сәйкес 2023 жылғы 6 қарашадан бастап 6 айдан 10 ай 29 күндік сәбилерді және 2023 жылы 5 желтоқсаннан бастап 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күндік балаларды егу мәртебесіне қарамастан қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау басталды. Сондай-ақ, қызылшаға қарсы профилактикалық иммундауы жоқ медицина қызметкерлеріне иммунизация жасалды.
Бүгінгі таңда 6 айдан 10 ай 29 күндік балаларды қызылшаға қарсы екпемен қамту 56,1 пайызды немесе 13 473 баланы құрады және 2-4 жастағы балалар арасында 75,9 пайызды немесе 59 205 баланы құрады.
2023 жылғы 6 қарашадан бастап осы уақытқа дейін қосымша жаппай иммундау аясында 94 166 адам екпе алды, бұл қосымша жаппай иммундауға жататын контингенттің, яғни 121 000 адамның 77,8 пайызы егілді.
Қазіргі уақытта вакцинация алмаған 6 айдан 10 ай 29 күндік балаларды және 2-4 жас аралығындағы балаларды қажетті екпемен қамтудың кемінде 95 пайызына дейін жетпейінше, вакцинация жұмыстары жалғасын таппақ. Қызылшаға қарсы профилактикалық екпесі жоқ медицина қызметкерлерін қызылшаға қарсы иммундаумен қамту 100%-ға жетті, - деді ол.