00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде папиллома вирусына қарсы вакцина егіле бастайды

Елімізде папиллома вирусына қарсы вакцина егіле бастайды

Қазақстанда келер жылы папиллома вирусына қарсы вакцина егіле бастайды, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, вакцина мектеп жасындағы қыздарға ата-анасының рұқсатымен салынады. Бұл туралы онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының онкологтары мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, жыл сайын Қазақстанда жатыр мойын обырынан 600-ге жуық әйел көз жұмады. Ғалымдар, қатерлі ісіктің бұл түрін тек вакцина арқылы жеңуге болады дейді. 

2013 жылы адамдағы папиллома вирусына қарсы вакцина егу еліміздің 4 аймағында пилоттық түрде жүргізілген. Сол кезден бергі зерттеулер оң нәтиже көрсетті.  Оған қатысқан ерікті қыз-келіншектер бақылауда болды. Оларда қазір вирустың белгілері жоқ. Бұл дамыған елдердің тәжірибесінде бар, - деді онкохирург-дәрігер Толқын Садықова.