00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұзақ өмір сүрудің қарапайым 4 амалы

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұзақ өмір сүрудің қарапайым 4 амалы

Жүру, қимылдау

Көбірек қимылдаған, әсіресе, жаяу жүруге, серуендеуге көңіл бөлген адам жақсы өмірге лайық. Зерттеу көрсеткендей, адам күніне кем дегенде 30 минут жаттығу жасап, қимылдауы тиіс. Сонда жүрек пен қан ауруларынан, инсульт, басқа да қауіпті аурулардың алдын алмақ.

Көбірек қимылдаған адамның сүйегі мықты, бұлшықеті жұмыскер болады. Адамның ғұмыры содан ұзарады.

Ұйқыны жөндеу

Ұйқы ағзаға өте қажет. Ми мен денені қалпына келтіреді. Түнде жақсы ұйықтаған адамның ағзасы дұрыс жұмыс істейді, психикалық жай-күйі жақсарады, иммунитеті күшейеді. Дұрыс ұйықтамаған адамның депрессияға түсуі, диабет, жүрек ауруларын, тіпті қатерлі ісікті «іліп алуы» мүмкін.

Адам күніне 6-9 сағат ұйықтауы керек.

Ішімдік ішпеңіз

Ішімдік ішудің зиян екенін бәріміз білеміз. Алкоголь жүрек жұмысына кері әсер етеді.

Жақсы тамақтаныңыз

Мамандардың айтуынша, адам барынша түрлі тағамнан жеуге тырысуы керек. Адам ағзасына зиян түсіретін, өмір қуатын алатын тағамдардан бас тартуы абзал.

Ғалымдардың айтуынша, ағзаға түскен зиянды тағам адам иммунитетін әлсіретіп, ағзаның өзін-өзі қалпына келтіру қабілетіне кедергі келтіреді. Ал жасуша жаңармаған соң, ағза да тез қартаяды. Оның үстіне, зиянды тағам жейтіндердің көбі салауатты өмір салтын ұстанбайды. Спортпен, дене қимылымен айналыспағандардың да ағза теломері тез қысқаратын көрінеді.