00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Канадалық ғалымдар қан тобын өзгерту экспериментін сәтті аяқтады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Канадалық ғалымдар қан тобын өзгерту экспериментін сәтті аяқтады

Органдарды ауыстыру және қан құю үшін тек сәйкес қан топтарын ғана пайдалану керек. Алайда І топ донорлары қан құрамында агглютиногендер жоқ болғаны себепті әмбебап донорлар болып саналады. Осы ерекшелікті ескере отырып, канадалық ғалымдар трансплантацияланатын органның қан тобын І қан тобына ауыстыруға әрекеттеніп көрді.

Мұндай экспериментті жасау үшін қанды антигендерден тазартатын арнайы ферменттер қолданылды. Төрт сағаттың ішінде ферменттердің көмегімен қан құрамындағы барлық агглютиногендер алынып тасталды.

Алғашқы эксперименттер әуелі аорта тіндеріне, кейін өкпеге жасалды. І қан тобындағы адамдар плазмасының антиденелері оншалықты қарсылық танытпады, бұл әлгі әдістің сәтті жүзеге асырылғанын көрсетеді.