«Жылап қалатын кездерім болды»: Ақерке Бүркітбай күйеуімен қарым-қатынасы туралы айтты


Танымал әнші Әли Оқаповтың жары Ақерке Бүркітбай журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында отбасылық өмірі мен күйеуімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ақерке мен Әли отбасын құрғандарына бес жыл болғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде олар түрлі сынақтардан өткен, алайда қатты бет жыртысқан кездері болмаған.
«Бізді алғашқы бір жылдықта көп отбасы ажырасады, алғашқы бала дүниеге келгеннен кейінгі жыл мүлдем қиын болады деп қорқытқан еді. Бірақ осы бес жылдық өмірімізде, Аллаға шүкір, қатты ұрысып, бір-бірімізге ауыр сөз айтып, бет жыртысқан кез болған жоқ. Біз түсінісіп келе жатырмыз, жарты сөзден-ақ бір-бірімізді ұғамыз, қолдау көрсетуге тырысамыз», — деді ол.
Ақерке кей кездері Әлидің тік мінезін қабылдау қиын болғанын да жасырмады.
«Әрине, қателігіміз болса, оны айтуға тырысамыз. Бұрын Әли кішкене қаттырақ айтатын, тік сөйлейтін. Сол сәтте мен көңіліме алып, жылап қалатын кездерім болатын. Оның дұрыс екенін түсінемін, бірақ бірден қабылдау қиын еді. Дегенмен, осы бес жылдың ішінде бір-бірімізге компромисс жасап, ойымызды жұмсақ жеткізуді үйрендік», — деді Ақерке.
Ақеркенің ойынша, ерлі-зайыптылардың отбасылық өмірдегі үйлесімі олардың қыз бен жігіт болып жүрген кездегі қарым-қатынасына тікелей байланысты.
Айта кетейік, бұдан басқа актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі актердің жазған хатын жариялағаны туралы жазған едік.



