00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Республикалық Абай оқуларының жеңімпаздары анықталды

10 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Республикалық Абай оқуларының жеңімпаздары анықталды
Фото: gov.kz

Әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханияты Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында өткен XXIV республикалық Абай оқулары өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info.

Сайыс қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен 56 оқушы марапатталды:

I дәрежелі дипломмен 13 қатысушы;

II дәрежелі дипломмен 19 қатысушы;

III дәрежелі дипломмен 24 қатысушы. 

Сонымен қатар, қазылар алқасы үздік командаларды анықтады:

Бас жүлде Шығыс Қазақстан облысы;

1-орын Абай облысы;

2-орын Қарағанды облысы;

3-орын Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар облыстары. 

Естеріңізге салсақ, ХХIV республикалық Абай оқулары Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысының «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өткізілді.

Байқауға республика бойынша 23 команда, 130-дан астам жас абайтанушылар қатысты.

Абай оқуларына қатысқан жас таланттар 6 номинация бойынша өз бақтарын сынады.