00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Цифрлы кеңістіктегі медиа және ақпараттық сауат» тақырыбында семинар өтті

27 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Цифрлы кеңістіктегі медиа және ақпараттық сауат» тақырыбында семинар өтті
коллаж Elorda.info

Алматыдағы  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаменті өкілдігі – Алматыдағы БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментімен ынтымақтастық аясында «Цифрлы кеңістіктегі медиа және ақпараттық сауат» атты IV Орталықазиялық ғылыми семинар өтті, деп хабарлады  Elorda.info

Ғылыми жиын жаһандық медиа және ақпараттық сауат апталығы аясында жүзеге асырылды. 

Шараны университеттің Академиялық  мәселелер жөніндегі проекторы Ләззат Еркінбаева сөз сөйлеп ашты. 

 Ақпараттың дәлдігі, шынайылығы және құқықтық қорғалуы мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Цифрлы білім беруде академиялық ықпалды арттырудағы ғылыми зерттеулердің үлесі артып келеді, - деді Л. Еркінбаева. 

 

ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат басқармасының өкілі Анел Көшкенбаева алғысөзінде әр адамның ақпарат алуда желілердің, арналардың белсенді тұтынушысы болып отырған кезде, медиа сауатты болуы ең басты мәселе екендігіне тоқталды. 

Кәсіби журналистиканың бұл тұрғыда рөлі ерен. Министрлік осы тұрғыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен салалық журналистика  дамытуға бағытталған бағдарламаларды бірлесе орындауда, - деді министрлік өкілі. 

БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің ҚР өкілі – Алматыдағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы Властимил Самек БҰҰ-ның ұжымдық күн тәртібінде цифрлы кеңістіктегі медиа және ақпараттық сауат мәселесі маңызды екендігін ерекше атады. 

Бүгінгі қоғамдағы ақпараттың тосқауылсыз ағыны оның шынайылығын тексеруді қажет ететіні рас. Жасанды интеллектінің цифрлы ақпаратқа ықпалы артып отыр. Ақпарат призмасын тану кәсіби мамандарға жаңа міндеттер жүктеуде, ақпаратты тарату алгоритмі өзгеруде. Сондықтан медиа және ақпараттық сауаттың қоғам игілігі үшін қажеттілігі артуда, -деп атап өтті  В. Самек

Семинар жұмысына Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Армениядағы аудиовизуалды ынтымақтастық жөніндегі атташе Эммануэль Фосильон қатысты. 

Ол өз сөзінде  ҚазҰУ журналистика факультетімен бірлескен цифрлы медиа саласында «Фактчекинг», «Мобильді түсірілім» бағдарламалары Орталық Азия елдерінің журналистика факультеттері қатысумен нәтижелі аяқталғанын, алдағы уақытты VR  журналистика саласында  білім беру жобалары ұсынылатынын атап өтті.   

 

 Семинар барысында ҚазҰУ ғалымдарының «Қазақстандағы жалған ақпарат пен дезинформация индикаторларын анықтауға арналған цифрлы сауат саласында ақпараттық ресурс әзірлеу» ҚР Ғылым және жоғары білім министрігінің қолданбалы зерттеулерге гранттық жобасы  таныстырылды.

Осы жобаның ғылыми кеңесшісі  LMU Munich университетінің БАҚ және коммуникация кафедрасының меңгерушісі, професор Томас Ханицш жұмыс істейтін ғалымдар тобы әлеуметтік медиа және бұқаралық коммуникация саласындағы жалған ақпарат пен дезинформация индикаторларын зерттеу және анықтау бойынша зерттеулер жүргізетінін атап өтті. 

Зерттеу нәтижелері халықтың медиа және ақпараттық сауаттылықты зерттеудегі мүмкіндіктерін кеңейтуге және жастардың ақпараттық мәдениетін жақсартуға ықпал ететін болады. 

Шараға сонымен қатар, Германия, Қырғызстан, Словакия, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің ғалымдары, сондай-ақ журналистика факультетінің магистранттары мен PhD докторанттары қатысты. 

Гүлмира Сұлтанбаева, ҚазҰУ профессоры