00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

69 білім беру ұйымында профилактикалық бақылау жүргізілді

69 білім беру ұйымында профилактикалық бақылау жүргізілді
Фото. Оқу-ағарту министрлігі

 Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен оның аумақтық департаменттері Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамалық талаптарын сақтау бойынша профилактикалық бақылау жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бақылау шараларының нәтижесінде 16 білім беру ұйымында анықталған бұзушылықтар толық жойылды, ал 37 ұйымда оны жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.



 «Бұзушылықтарды жоюға білім беру ұйымдарының басшылары ғана емес, тиісті басқару органдары да жауапты. Бақылау іс-шаралары шеңберінде министрлік тарапынан ұйымдарға білім беру саласындағы заңнама нормаларын қолдануда әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді», – деп атап өтті Комитеттің бас сарапшысы Гүлжиян Жүсіпқалиева.



 Биыл жыл  соңына дейін бақылау іс-шаралары https://rchl.govtec.kz/.сайтында орналастырылған жартыжылдық тізімге сәйкес еліміздің тағы 50 білім беру ұйымында өткізіледі.