00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада шахмат фестиваліне қатысушылар гроссмейстерлермен ойнады

13 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада шахмат фестиваліне қатысушылар гроссмейстерлермен ойнады
Фото: дереккөз

Әлемнің үздік ойыншылары – гроссмейстерлер «Астана жұлдыздары» халықаралық шахмат фестиваліне қатысушылармен бір уақытта өз шеберліктерін көрсетті, деп хабарлады Elorda.info.

Шараны елорданың 25 жылдығына орай көрнекті спортшы Динара Сәдуақасова басқаратын Шахмат академиясы өткізіп жатыр.

Бүгін ниет білдірушілермен қазақстандық гроссмейстер, Азия ойындарының чемпионы, шахматтан ерлер арасында Қазақстанның үш дүркін чемпионы Мұртас Қажғалеев пен әйгілі украиналық гроссмейстер Виталий Бернадский ойнады.

Спортшылардың әрқайсысы 15 қатысушымен бір уақытта ойнады, олардың арасында әртүрлі дайындық деңгейіндегі шахматшылар да болды.

14 шілдеде қатысушылармен Динара Сәдуақасова мен беларусь гроссмейстері Владислав Ковалев те ойнайтын болады.