Жүк көлігінің нөмірін көрінбей қалатын механизммен жабдықтаған жүргізушіге айыппұл салынды

Жүк көлігінің нөмірін көрінбей қалатын механизммен жабдықтаған жүргізушіге айыппұл салынды
ФОТО: БҚО ПД видосының скриншоты

Полиция «Самара – Шымкент» автожолында тоқтатқан VOLVO жүк көлігінде нөмірді өзгертетін құрылғы табылған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Батыс Қазақстан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Полиция 47 жастағы жүргізуші басқарған жүк көлігінің құжатын тексеру кезінде күтпеген жайтты байқаған. Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі көрінбейтін күйге келтіретін арнайы механизммен жабдықталғаны анықталды. Арнайы батырманы басқан кезде нөмір белгісі төмен түсіп кететін болған. Батырма салонда, рульдің оң жағында орналасқан. Жүргізуші мемлекеттік нөмірді қалаған сәтте көрінбей қалатын күйде басқара алатын болған.

Тәртіп бұзған жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске салсақ, Қырғызстаннан жалған шот-фактураларды жасаған күдікті экстрадицияланды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by policebqo (@policebqo)