Референдум-2026

Жолаушылар ұйықтағанда: Астанада қоғамдық көліктер түнде қалай жуылады

Жолаушылар ұйықтағанда: Астанада қоғамдық көліктер түнде қалай жуылады
Фото: Нұрдәулет Кәкіш

Күн сайын жүздеген жолаушыны тасымалдаған автобус рейс аяқталған соң бірден жуу алаңына жіберіледі. Мұнда олардың сырты мен іші толық тазартылып, келесі күнгі рейске дайындалады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

№1 автобус паркінде автобустар бірнеше кезең бойынша жуылады. Алдымен көліктің сырты мен дөңгелектері арнайы сабынды сумен жуылады.

Кейін жоғары қысымды сумен шайылып, алып айналмалы щеткалардың көмегімен автобустың екі бүйірі толық тазаланады.

Бұл уақытта тағы бір топ қызметкер автобустың ішіне кіріп, тұтқаларын, орындықтарын, терезелерін және еденін мұқият тазалайды. Осылайша бірнеше минут бұрын ғана қала көшелерінде жүрген автобус келесі күнгі жолаушыларды қабылдауға дайын күйге енеді.

№1 автобус паркіндегі жуу бекетінің операторы Жасұлан Нұрбақовтың айтуынша, кешкі ауысымда бұл учаскеде шамамен 35 қызметкер еңбек етеді.

Олардың басты міндеті – таңертең алғашқы рейске шығатын автобустардың іші мен сыртының таза болуын қамтамасыз ету.

Айта кетейік, Elordainfo.kz тілшісі №1 автобус паркінің түнгі тіршілігіне арналған арнайы репортаж әзірледі. Онда автобустардың қалай жуылып, жанармай құйылып, жөнделетіні және таңғы рейске қалай дайындалатыны жан-жақты көрсетілген.