Референдум-2026

«Жол жүрісі туралы» заңдағы өзгерістер: ІІМ негізгі сұрақтарға жауап берді

Бүгін, 09:32
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Жол жүрісі туралы» заңдағы өзгерістер: ІІМ негізгі сұрақтарға жауап берді
фото: Оңалхан Өнерхан

Ішкі істер министрлігі «Жол жүрісі туралы» заңдағы өзгерістерге түсініктеме берді. Соның негізінде ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Құралай Карина төмендегі негізгі сұрақтарға жауап ұсынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жүргізушілердің медициналық тексеруден өтуіне қандай өзгерістер енгізілді?

Жүргізушілердің медициналық тексеруден өту талабы жаңа талап емес. Бұл норма 2014 жылдан бері «Жол жүрісі туралы» заңда көрсетілген. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелері өзара біріктірілді. Соның арқасында міндетті медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер екі министрліктің жүйелері арасында автоматты түрде беріледі.

65 жастан асқан жүргізушілер нені білуі керек?

65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілерге тек әр екі жыл сайын медициналық тексеруден өтсе жеткілікті. Оның нәтижесі автоматты түрде жүйеге түседі. Сондықтан ешқандай қосымша анықтама жинаудың немесе мемлекеттік органдарға барып жүрудің қажеті жоқ. Сондай-ақ жүргізуші куәлігінің мерзімін ұзарту немесе бұл туралы ІІМ-ге жеке хабарлау талап етілмейді. Азаматтарға алаңдауға еш негіз жоқ. Ешқандай жаңа талап немесе артық құжат рәсімдеу енгізілген жоқ. Барлығы бұрынғыдан да ыңғайлы және қарапайым түрде.

Әлеуметтік желіде ақпарат таратқанда нені ескеру керек?

Полиция полковнигі блогерлер мен ақпараттық парақша иелеріне жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жауапкершілік бар екенін ескертеді. Сондықтан ақпаратты таратпас бұрын оның дұрыстығына көз жеткізу абзал. Себебі жалған мәліметтер халықты шатастыруы мүмкін. Сондықтан полиция тек мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарына сенуге, қажет болған жағдайда түсіндірме беруге әрдайым дайын. 

Еске салайық, бұдан бұрын ІІМ жүргізушілерді «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол ережесін сақтауға шақырған болатын.